Щучинскте төрешілер жиыны өтуде

Щучинскте төрешілер жиыны өтуде
Щучинскіде Премьер-лига ойындарында төрелік ететін футзал төрешілеріне арналған оқу-жаттығу жиыны аяқталуға жақын. Оқу-жаттығу жиынына барлығы 24 төреші қатысып, дене шынықтыру дайындығы мен ойын ережелері мен регламенттерін білу бойынша тесттерден өтуде. Өткен матчтардың бейнеталдауы, ойын ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар зерттелуі, сондай-ақ артықшылықты пайдалануға, қолымен ойныған жағдайда және басқа да осыған байланысты мәселелерге қатысты жағдайларды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Төрешілерден сынақтарды жиын басшысы, ҚФФ төрешілік және инспекциялық департаментінің бас менеджері Елеш Кусаинов, футзал қауымдастығының вице-президенті Талғат Қосмұхамбетов, техникалық нұсқаушы Андрей Грищенко және инспектор Валерий Салимов жүргізеді. Сынақтан сәтті өткен барлық төрешілер Қазақстан чемпионатының екінші раунд ойындарында төрелік етеді. Бұл осы маусымдағы екінші төрешілік жиыны. Біріншісі тамыз айында Оралда өтті.