Қауымдастық тарихы
Қазақстан футзал қауымдастығы — Қазақстандағы футзалдан ұлттық біріншіліктер мен чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізумен айналысатын коммерциялық емес ұйым. Ассоциация Қазақстан футбол федерациясымен арадағы келісім-шарт негізінде футзалдан жоғарғы лига ойындары мен Футзалдан Қазақстан кубогы ойындарын өткізеді.
2022 жылы төрт жыл өткеннен кейін Қазақстан футзал қауымдастығының жұмысы қайта басталды. Оның басшысы болып педагог, Алматы мемлекеттік энергетика және электр технологиялары колледжінің директоры Төлеуғали Тайтөлеев тағайындалды. Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мен Футзал қауымдастығы арасында келісімшарт жасалып, оған сәйкес ҚФФ Қазақстан чемпионатын, Кубогын және Суперкубогын өткізу өкілетін береді.
2023 жылы Қазақстан футзал ассоциациясының жаңа президенті сайланды. Қауымдастықтың жаңа басшысы болып Талғат Қосмұхамбетов сайланды. Сонымен қатар журналист Нұрсұлтан Құрманов та қауымдастықтың медиа мәселелер бойынша вице-президенті қызметіне тағайындалды.
Басшылық
Талғат Қосмұхамбетов
Президент
Талғат Қосмұхамбетов – Қостанайдың «Тобыл» футбол мектебінің түлегі. Футболшы ретінде 2001-2005 жылдар аралығында қостанайлық «Тобыл» сапында ойнаған.
2011-2017 жылдары «Тобыл» ФК директорының орынбасары, 2019-2020 жылдары «Астана» ФК қаржы директоры қызметін атқарған.
Қосмұхамбетов 2022 жылдың сәуір-тамыз айлары аралығында Қазақстан футбол федерациясының Футзал департаменті директорының орынбасары міндетін атқарды.
2022 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан футзал қауымдастығының Футзал және инспекция департаментінің директоры қызметін атқарды.
Осы жылдар ішінде Талғат Қосмұхамбетов футзалдан Қазақстан чемпионатының көптеген матчтарына төрелік етті. 2014 жылдан бастап ФИФА санатын алып, футзалдан Чемпиондар лигасы, УЕФА кубогы, Әлем суперкубогы, студенттер арасында Әлем чемпионаты, әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатының ойындарында төрелік етті. Сондай-ақ Әлем чемпионаты мен Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарында қызмет атқарды. Бес рет Қазақстанның үздік төрешісі деп танылды.