Дедезиньо - 2024/25 маусымының үздік ойыншысы.

Дедезиньо - 2024/25 маусымының үздік ойыншысы.
Қазақстан футзал қауымдастығы өткен маусымның үздік ойыншылары мен мамандарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.
«Семей» футзал клубының 25 жастағы бразилиялық шабуылшысы Андерсон Патросиньо Алвес «Дедезиньо» екінші маусым қатарынан үздік ойыншысы деп танылды. Қазақстан чемпионаты мен кубогының үздік бомбардирі атанды. Қазақстан клубтары үшін бір маусымда Чемпиондар лигасында соғылған голдар бойынша рекордсмен атанды. Өткен маусымда ол Қазақстан чемпионаты, кубогы мен суперкубогы мен Чемпиондар лигасында 57 кездесу өткізіп, 73 гол соққан. Екінші орынды да семейлік ойыншы Камиль Герейханов иеленді. Үздік үштікті «Аяттан» Жозе Джефферсон аяқтады.
Бұған дейін Дінмұхамбет Сүлейменов пен Дуглас үш рет, ал Александр Бондарев, Какау және Шыңғыс Есенаманов екі мәрте үздік ойыншы деп танылған болатын. Рафаэль, Келсон, Жоан, Серік Жаманқұлов, Қайрат Иманалин, Дәурен Тұрсағұлов, Тиаго Кабеса және Дедезиньо бір-бірден.
Дауыс беру нәтижелері
«Үздік ойыншы»
1. Дедезиньо («Семей») – 11 балл;
2. Камиль Герейханов («Семей») – 9;
3. Жозе Джефферсон («Аят») – 6;
4-6. Кевин Арриета («Қайрат») – 3;
4-6. Жулио Занотто («Қайрат») – 3;
4-6. Біржан Оразов («Қайрат») – 3;
7-12. Алиссон Невес («Қайрат») – 1;
7-12. Шыңғыс Есенаманов («Семей») – 1;
7-12. Дәурен Тұрсағұлов («Қайрат») – 1;
7-12. Родригиньо («Семей») – 1;
7-12. Ринат Төреғазин («Семей») – 1;
7-12. Төрехан Досов («Жетысу») – 1.