Аслан Галаев - 2024/25 маусымының үздік төрешісі.

Аслан Галаев - 2024/25 маусымының үздік төрешісі.
Қазақстан футзал қауымдастығы өткен маусымның үздік ойыншылары мен мамандарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.
Маусымның үздік төрешісі болып қостанайлық 38 жастағы Аслан Галаев танылды. Ол халықаралық дәрежедегі төреші. 2012 жылдан бері Қазақстан чемпионатының матчтарына төрелік етіп келеді. Ол Чемпиондар лигасының матчтарында, әлем және Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде, сондай-ақ жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде жұмыс істеді. Ол екінші рет қатарынан үздік төреші атанды. Екінші орында ақтаулық Нұрлыбек Қалимағанбетов, үшінші орынды қызылордалық Сұнғат Қанат пен тараздық Айдын Көбейқұлов бөлісті.
Бұған дейін Олжас Абраев пен Талғат Қосмұхамбетов бес мәрте үздік төреші болып танылған болатын. Алмас Аббасов – үш рет, ал Қайрат Нағышпаев, Андрей Борисов, Валерий Салимов және Аслан Галаев бір реттен.
Дауыс беру нәтижелері
«Үздік төреші»
1. Аслан Галаев (Қостанай) – 19 балл;
2. Нұрлыбек Қалимағанбетов (Ақтау) – 7;
3-4. Сұңғат Қанат (Қызылорда) – 4;
3-4. Айдын Кобейкулов (Тараз) – 4;
5. Максим Карюкин (Көкшетау) – 3;
6-8. Түрехан Тұрсұмбаев (Астана) – 1;
6-8. Ільяс Құдайбергенов (Ақтөбе) – 1;
6-8. Әзімджан Қошалиев (Тараз) – 1.