Қазақстан Кубогы: Топтық іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

Қазақстан Кубогы: Топтық іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды
2025 жылғы футзалдан Қазақстан Кубогының топтық іріктеу кезеңіне қатысатын командалардың жеребе тарту рәсімі өтті. Турнирге барлығы 16 команда қатысып, төрт топқа бөлінді.
Топтар құрамы келесідей:
А тобы: «Қайрат», «Елім-ай», «Ордабасы», «Каспий»
B тобы: «Ақтөбе», «Омега», «Астана», «Атырау»
C тобы: «Аят», «Жетісу», «Алатау», «Тұлпар»
D тобы: «Семей», «Бәйтерек», «Искандер», «Қарағанды»
А тобы мен D тобының ойындары Орал қаласында, ал B және C тобының матчтары Талдықорған қаласында өтеді. Топтық кезең 25-30 тамыз аралығында ұйымдастырылады.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әр топтың үздік командалары келесі кезеңге жолдама алады.
Қазақстан футзал қауымдастығы жанкүйерлерді алдағы жарыстарды өткізіп алмауға және өз командаларын қолдауға шақырады. Топтық кезең ойындарының толық кестесі жақын күндері жарияланады.