«Қайрат» ойыншысы Біржан Оразовқа 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды

08.07.2025 15:51
«Қайрат» ойыншысы Біржан Оразовқа 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды

ҚФФ Бақылау, тәртіптік және әдеп жөніндегі комитетінің шешімімен:

 «Қайрат» – «Семей» командалары арасындағы 2024-2025 жылғы маусымдағы Премьер-Лига командалары арасындағы футзалдан OLIMPBET-Қазақстан Республикасы чемпионатының финалдық ойыны аяқталғаннан кейін жала жабу сипатындағы мәлімдемелер үшін, ҚФФ Әдеп кодексінің 6-тарауының 23-тармағын басшылыққа ала отырып, ҚФФ Әдеп кодексінің 15-тарауының 48-тармағына сәйкес, «Қайрат» командасының ойыншысы Біржан Арманұлы Оразовқа 393 200 (үш жүз тоқсан үш мың екі жүз) теңгені құрайтын 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын.