«Қайрат» өз алаңында алты матч көрерменсіз өткізеді

ҚФФ Бақылау, тәртіптік және әдеп жөніндегі комитетінің шешімімен:
«Қайрат» - «Семей» командалары арасындағы OLIMPBET-Қазақстан Республикасы чемпионатының финалдық матчында қарсылас командаға айғайлап кемсіту сөздерімен көрсетілген көрермендердің жөнсіз мінез-құлықтары үшін, ДР 54-бабының 3-тармағына сәйкес «Қайрат» футзал клубына 393 200 (үш жүз тоқсан үш мың екі жүз) теңгені құрайтын 100 АЕК көлемінде айыппұл салынсын. Бұзушылықтың өрескелдігіне байланысты ДР 54-бабының 4-тармағына сәйкес «Қайрат» футзал клубына 2025-2026 жылғы маусымдағы Премьер-Лига командалары арасында футзалдан Қазақстан Республикасы чемпионатының өз алаңында 6 (алты) матчын көрерменсіз өткізу түріндегі қосымша жаза қолданылсын. Санкцияның қолданылу мерзімі 2025 жылғы 29 маусымнан бастап есептелсін.