Қазақстан футзал қауымдастығының Бас хатшысы Хромтау ауданының әкімімен кездесу өткізді

09.06.2025 09:00
Қазақстан футзал қауымдастығының Бас хатшысы Хромтау ауданының әкімімен кездесу өткізді

Қазақстан футзал қауымдастығының Бас хатшысы Хромтау ауданының әкімімен кездесу өткізді

 

Қазақстан футзал Қауымдастығы президенті Талғат Қосмұхамбетовтің тапсырмасы бойынша, ҚФҚ Бас хатшысы Максат Тюмалиев Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратовпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында Хромтау ауданында футзалдан Бірінші лига командасын құру мүмкіндігі талқыланды.

 

«Хромтау – Екінші лигадағы футбол командасын және футзалдан Бірінші лига командасын құру үшін барлық қажетті инфрақұрылымға ие ерекше қала. Бұл жерде "Горняк" клубы дәуірінен бастау алатын мықты футбол дәстүрі қалыптасқан. Бүгінде хромтаулық командалар облыстық турнирлерде көш бастап, әуесқойлар арасындағы Қазақстан чемпионаттарына тұрақты түрде қатысып келеді», – деді Тюмалиев М.А.

 

Сондай-ақ ол аудан әкімдігі тарапынан спорт нысандарын салу және қайта жаңғырту бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмысты атап өтті.

 

«Хромтау жанкүйерлері өз қаласында нағыз футбол мерекесін өткізуге әбден лайық деп есептеймін. Аудан әкімі Тлеумұратов Нұрхан Жасұланұлына және аудандық спорт және мәдениет бөлімінің басшысы Жайлыбай Санжар Абайұлына жылы қарсы алғандары және қолда бар әрі салынып жатқан инфрақұрылымды таныстырғандары үшін алғысымды білдіремін. Хромтаулық клубтың Қазақстан футзалының элитасынан орын алатын күні алыс емес деп сенемін!» – деді Бас хатшы.