«Қазақстан футзал Қауымдастығы чемпионаттың соңғы турлар ойындарының басталу уақыты туралы хабарлайд

«Қазақстан футзал Қауымдастығы чемпионаттың соңғы турлар ойындарының басталу уақыты туралы хабарлайды»
Қазақстанның футзал Қауымдастығы 2024-2025 жылғы маусымның Премьер-лига командалары арасында футзалдан Olimpbet-Қазақстан Республикасы чемпионатының 43-44 турларының матчтары бір уақытта – 17:00 басталатынын хабарлайды. Бұл шешім Fair Play қағидаттарын сақтау, барлық командалар үшін тең жағдайды қамтамасыз ету және матчтардың нәтижелерін өзгерту әрекеттерінің алдын алу мақсатында қабылданды.
Матчтардың басталу уақыты телехабар таратушылармен келісілді, бұл барлық ойындарды серіктес телеарналарда тікелей трансляциялауды қамтамасыз етіп, жанкүйерлерге әрбір матчты нақты уақытта бақылауға мүмкіндік береді.
Қауымдастық тұрақты түрде жарысты ұйымдастырудың жоғары деңгейін, спорттық этиканың барлық талаптарын сақтау мен ашықтықты сақтауға ұмтылады.
Біз жарыстардың сапасын арттыру, төрелік ету деңгейін көтеру және қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырамыз. Біз клубтарға, спортшыларға және жанкүйерлерге қолдау көрсетіп, әділ және адал ойын принциптерін ұстанғаны үшін алғыс айтамыз.