ҚФҚ Бас хатшысы Максат Тюмалиев Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровпен кездесті
06.05.2025 14:00

Қазақстан футзал Қауымдастығының Бас хатшысы Максат Тюмалиев Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровпен кездесті. Кездесу барысында өңірдегі футзалдың дамуы талқыланды. Ақтөбе әрқашан өз тәрбиеленушілерімен танымал болған, футзал командалары барлық бағыттар бойынша жетістікке жетуде: ерлер, әйелдер және 13-тен 19 жасқа дейінгі дайындық топтары. Бұл тұрғыда Ақтөбе облысы үлгі бола алады. Асхат Берлешұлы 2026 жылы сыйымдылығы бес мың көрерменге арналған заманауи спорт кешенін салу жоспарымен бөлісті. Бұл кешен Еурокубок ойындарын ғана емес, Қазақстан құрамасының матчтарын да қабылдауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде ақтөбелік жанкүйерлер үшін нағыз мерекеге айналмақ.