Астанада футзалдан Yeleu Cup XXIII халықаралық турнирінің ашылуы өтті

Астанада футзалдан Yeleu Cup XXIII халықаралық турнирінің ашылуы өтті
Астанда Yeleu Cup атаулы футзалдан XXIII халықаралық турнирдің салтанатты ашылуы өтті. Аталған турнирге Қырғызстан, Ресей және Аустралиядан келген командаларды қоса алғанда, 20 команда қатысуда.
Салтанатты шараға құрметті қонақтар қатысты:
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррамов Магеррам Мамедұлы;
ҚФҚ президенті Қосмұхамбетов Талғат Әждарұлы;
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Кака;
Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Лео Игита.
Yeleu Cup турнирі жыл сайын ең мықты командаларды жинап, тәжірибе алмасу, жас таланттарды анықтау және халықаралық спорттық байланыстарды нығайту алаңы ретінде жоғары бағаланады.
ҚФҚ осындай жарыстарды өткізуді әрқашан қолдайды және алдағы уақытта да футзал спортын кәсіби деңгейде ғана емес, сонымен қатар жастар мен әуесқойлар арасында дамытуға күш салуды жалғастырады. Бұл турнирлер елдер арасындағы достықты нығайтып, қазақстандық футзалдың халықаралық аренадағы беделін арттыруға септігін тигізетініне сенімдіміз.