Пресс-релиз

08.04.2025 17:59
Пресс-релиз

Пресс-релиз

Астана қаласында футзал және жағажай футболы бойынша төрешілердің оқу-жаттығу жиыны өтті

2025 жылғы 6–8 сәуір аралығында Астана қаласында Қазақстан Футбол Федерациясы қолдауымен футзал және жағажай футболы бойынша төрешілерге арналған оқу-жаттығу жиыны өтті. Іс-шара плей-офф кезеңі алдындағы маңызды дайындық бөлігі ретінде ұйымдастырылды.

Жиын аясында төрешілер дене даярлығы бойынша кешенді тестілеуден өтті, сондай-ақ ойын ережелері бойынша емтихандар тапсырды. Теориялық сабақтар мен өткен матчтардың бейнеталдауына ерекше назар аударылды.

Сабақ барысында қаралған негізгі тақырыптар:

  • қолды дұрыс пайдаланбау жағдайлары;
  • айып алаңындағы жекпе-жектер;
  • қосалқы құрам орындарындағы тәртіп;
  • матчтан кейінгі пенальти орындау тәртібі;
  • бейнеқолдау жүйесімен (VS) өзара әрекеттесу.

Мұндай жиындар төрешілердің кәсіби деңгейін арттырып, ойын сәттерін бірізді және дұрыс түсіндіруді қамтамасыз етеді.

КФФ және ҚФҚ төрешілер корпусын дамыту және барлық деңгейдегі жарыстарда төрелік сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.