«Семей» – Қазақстан кубогының иегері

23.03.2025 21:00
«Семей» – Қазақстан кубогының иегері

«Семей» – Қазақстан кубогының иегері

Талдықорғанда 29-шы рет ұйымдастырылған ел кубогы аяқталды. Финалдық кездесуде ел чемпионы «Семей» мен күміс жүлдегер «Қайрат» кездесті. Бірінші таймда-ақ «Қайрат» қақпасына үш гол соқты. Матчтың соңғы нәтижесі 5:1. «Семей» алғаш рет Қазақстан кубогын жеңіп алды.

 

Қазақстан кубогы. Финал

«Семей» - «Қайрат» 5:1 (3:0)

Голдар: Кайо Торрес 3, 19, Андерсон Алвес 15, Кандидо 22, Дарибай 36 – Денер 25

Қызыл қағаз: Тұрсағұлов 40 («Қайрат», екі аяқпен арттан секіру)

Төрешілер: Галаев (Қостанай), Калимағанбетов (Ақтау)  

23 наурыз 2025 ж. Талдықорган. «Жастар». 2 000 көрермен.