«Каспий» - «Қайрат» матчтарының төрешісі ауысты
07.02.2025 14:00

ҚФФ Төрешілер комитеті Премьер-лиганың 21-22-туры аясындағы «Каспий» және «Қайрат» командалары арасындағы матчтарының төрешісін ауыстырды.
Форс-мажорлық жағдайға және төреші ауруына байланысты бұрын тағайындалған рудныйлық Әмірхан Тяжбаевтың орнына матчтардың төрешісі болып ақтаулық Нұрлыбек Қалимағанбетов тағайындалды.