Қазақстан – Дания матчының билеттері онлайн сатылымға шықты
31.01.2025 17:26

Қазақстан футбол федерациясы футзалдан Қазақстан мен Дания ұлттық құрамалары арасындағы Еуро-2026 іріктеу матчына билеттердің онлайн сатылымы басталғанын хабарлайды.
Еске сала кетейік, 5 ақпан күні футзалдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Данияны қабылдайды.
Матч Астана қаласы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Басталуы – 19:30.
Билеттерді ticketon.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады. Бағасы – 1500 теңгеден басталады.