Жаңа жыл құтты болсын!

31.12.2024 09:00
Жаңа жыл құтты болсын!

Қазақстанның футзал қауымдастығы барша қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа 2025 жылмен құттықтайды. Өткен жыл көптеген ұмытылмас сәттер әкелді. Біздің Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өткен әлем чемпионатына абыроймен қатысып, оларға қазақстандық жанкүйерлердің көп бөлігі қолдау көрсетті, сол үшін алғыс айтамыз. «Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасында ел намысын одан кем емес тамаша қорғады. Алдағы уақытта Еуропа чемпионатының іріктеу матчтары жоспарланған, ал «Қайрат» Чемпиондар лигасының төрттік финалында кездеседі. Командаларымызға тек жеңістер, ойыншылардың маусымды жарақатсыз өтуін, ал жанкүйерлерге өз командаларының жеңістеріне шын жүректен қолдау көрсетіп, қуануларын тілейміз.


Құрметпен, ҚФҚ президенті Талғат Қосмұхамбетов.