«Каспий» ойыншыларына түсіндіру курсы – семинар өткізілді.
23.12.2024 15:00
«Каспий» ойыншыларына түсіндіру курсы – семинар өткізілді.
ҚФҚ төрешісі нұсқаушысы Андрей Грищенко Премьер-лига клубы «Каспий» үшін ойыншылар мен бапкерлердің қатысуымен ойын ережелеріндегі соңғы өзгерістер бойынша түсіндіру курсы – семинар өткізді. Бұған дейін Андрей Николаевич «Астана», «Аят», «Тұлпар» «Жетісу», «Ордабасы» «Семей», «Атырау», «Бәйтерек», «Қайрат» және «Ақтөбе» командалары үшін осындай курстар өткізген. Сонымен, бүкіл 11 Премьер-лига клубтары үшін толығымен түсіндіру курстары – семинарлар өткізілді. Сондай-ақ Андрей Грищенконың міндетіне тәжірибелі және жас төрешілерді дайындау және оқу-жаттығу жиындарын өткізу кіреді.