«Жетісу» Кубоктан бас тартты
Olimpbet-Қазақстан Республикасы чемпионатының қазіргі көшбасшысы Талдықорған қаласының «Жетісу» футзал клубы, «Қазақстан футзал қауымдастығына» қаржылық қиындықтарға байланысты 2024-2025 жылдарға арналған футзалдан Olimpbet-Қазақстан кубогына қатыспайтынын хабарлады. Бұл мәселе КФФ Бақылау және тәртіптік Комитетіне қарауға жіберіледі.
Маусымдық күнтізбе алдын ала белгілі болды, барлық клубтарға Olimpbet-Қазақстан кубогына міндетті түрде қатысу туралы хабарланды. Кейбір клубтардың турнирдің беделіне нұқсан келтіріп, Кубок үшін ақша үнемдеуді шешкені өкінішті. Бұл әрекетімен ұжым өз клубының ғана емес, Жетісу өңірі болып табылатын бүкіл спорт аймағының беделіне нұқсан келтіріп отыр деп ойлаймыз.
Olimpbet-Қазақстан Кубогында «Жетісу» командасын осы аттас қаланың Жаңаөзен командасы алмастырады.