Джайми - 2023/24 маусымының үздік қақпашысы.

12.10.2024 14:30
Джайми - 2023/24 маусымының үздік қақпашысы.

Джайми - 2023/24 маусымының үздік қақпашысы.


Қазақстан футзал қауымдастығы өткен маусымның үздік ойыншылары мен мамандарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.

 «Семей» футзал клубының 29 жастағы бразилиялық қақпашысы Джайме Эвальд Кнейсс маусымның үздік қақпашысы деп танылды. Джейми Қазақстанға биылғы маусымда алғаш рет келіп, бірден ел чемпионы атанды. Өткен маусымда ол Қазақстан чемпионаты мен кубогында 50 кездесу өткізген. Джайми 31 ұпай жинап, «үздік қақпашы» атанды. Екінші орында «Атырау» командасының жас қақпашысы Ерасыл Шарапиденов. Үздік үштікті ресейлік «Аят» командасынан Дмитрий Бондарев түйіндеді, ол өткен жылы маусымның үздік қақпашысы атанған.

Бұған дейін Игита үш рет, ал Жиронимо, Григорий Шамро және Дмитрий Бондарев бір реттен үздік қақпашы деп танылды.

Дауыс беру нәтижелері

 «Үздік қақпашы»

 

1.     Джайми («Семей») – 31 балл;

2.     Ерасыл Шарапиденов («Атырау») – 3;

3.     Дмитрий Бондарев («Аят») – 2;

4-8. Далтон («Ордабасы»/«Жетісу») – 1;

4-8. Канат Жеткирбаев («Ақтөбе») – 1;

4-8. Тьяго Феликс («Ақжайық») – 1;

4-8. Деннис («Қайрат») – 1;

4-8. Игита («Қайрат») – 1.