Игита – Қазақстан құрамасының сапында 100-ші матч

01.10.2024 09:30
Игита – Қазақстан құрамасының сапында 100-ші матч

Игита – Қазақстан құрамасының сапында 100-ші матч


Әлем чемпионатындағы Аргентина құрамасына қарсы ойын (1:6) Игитаның Қазақстан құрамасының жейдесін киген 100-ші ойыны болды.


Леонардо Де Мело Виейра Лейте Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойынын 2013 жылы 4 наурызда Алматыда Өзбекстан құрамасына қарсы ойында (4:3) өткізді.

Әлем чемпионатындағы Аргентина құрамасына қарсы ойын (1:6) Игита үшін Қазақстан құрамасының сапында 100-ші ойын болды. Осы ойындарда 11 гол соққан

Ол Қазақстан құрамасын 41 рет капитан ретінде шығарды. EURO 2016 қола жүлдегері, EURO 2018 жартылай финалисті және 2021 әлем чемпионатының жартылай финалисті. Сондай-ақ 2016, 2024 және ЕУРО-2022 әлем чемпионаттарының қатысушысы. Бес рет әлемнің ең үздік қақпашысы аталды.

Игита Қазақстан құрамасының 100-ге жеткен үшінші ойыншысы атанды.