ҚАЗАҚСТАН OLIMPBET-СУПЕРКУБОГІНІҢ МАТЧЫНА АККРЕДИТТЕУ

02.10.2024 15:00
ҚАЗАҚСТАН OLIMPBET-СУПЕРКУБОГІНІҢ МАТЧЫНА АККРЕДИТТЕУ

Қазақстан футзал қауымдастығының баспасөз қызметі Қазақстан Olimpbet-Суперкубогынің матчына жұмыс істеу үшін аккредитацияға өтініш қабылдауды бастады.

 

Аккредиттеу туралы БАҚ өтініштері басшының қолы қойылған және мөрімен расталған басылымның ресми бланкісінде тегі, аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, сондай-ақ журналистердің байланыс деректері, редакциялық тапсырмалары көрсетілген хат түрінде қабылданады. Сондай-ақ әрбір БАҚ өкілінің функцияларын (жазушы журналист, фотограф, теледидар, радио) көрсету қажет.

Хаттарды баспасөз қызметіне – dumson@mail.ru электронды поштасына жіберу керек.

Қазақстан Olimpbet-Суперкубогының ойыны 2024 жылдың 11 қазанында Астана қаласында, «Сайран-Арена» спорткешенінде өтеді.

 

11 қазан 2024 жыл. КФФ Конференц-залы (Момышулы 5а)

10:30 Командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты


11 қазан 2024 жыл. Астана. «Сайран-Арена». 

19:00 «Семей» - «Қайрат» матчы


Байланыс телефоны: +7 701 444 99 40