Альберт Ақбалықов – Қазақстан құрамасының сапында 60 матч

28.09.2024 09:10
Альберт Ақбалықов – Қазақстан құрамасының сапында 60 матч

Альберт Ақбалықов – Қазақстан құрамасының сапында 60 матч

 

29 жастағы «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Альберт Ақбалықов Португалияға қарсы ойында (2:1) Қазақстан құрамасының сапындағы 60-шы ойынын өткізді.


Ақтөбе футболының түлегі Альберт Ақбалықов Қазақстан құрамасының сапында 2017 жылы 6 ақпанда Алматыда Беларусь құрамасына қарсы өткен ойында (0:1) алғашқы ойынын өткізді.

Португалия құрамасына қарсы ойын (2:1) Ақбалықовтың Қазақстан құрамасы сапындағы 60-шы ойыны болды. Осы кездесулерде ол 18 рет гол соққан. Ол ЕУРО-2018 жартылай финалисті және 2021 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалист.

Қазақстан құрамасының қазіргі ойыншыларының арасында рекордшы Шыңғыс Есенаманов болып табылады, оның есебінде 111 матч бар.