Қазақстан әлемнің ең үздік сегіз командасының қатарына енді

26.09.2024 22:02
Қазақстан әлемнің ең үздік сегіз командасының қатарына енді

Қазақстан әлемнің ең үздік сегіз командасының қатарына енді

 

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалия құрамасымен кездесті. Лео дисквалификацияға байланысты матчты өткізіп алды. Керісінше, Дәурен Тұрсағұлов алаңға қайта оралды. 11-минутта Дуглас лақтырған допты тепкен соң, Шыңғыс Есенаманов бірінші голдың авторы атанды. Қарсылас екінші таймның бірінші минутында-ақ есепті теңестіре алды. Ойын аяқталуға 14 секунд қалғанда Дәурен Тұрсағұлов жеңіс голын соқты. Ширек финалдағы қарсыласы Аргентина-Хорватия жұбының жеңімпазы болады. Ойын 30 қыркүйек күні Ташкентте өтеді.

Португалия – Қазақстан 1:2 (0:1)

Голдар: Есенаманов 11 (0:1), Зикки 21 (1:1), Тұрсағұлов 40 (1:2)   

Ескертулер: Тұрсағұлов 14 – Андре Коэлью 19  

Португалия: 1. Эду Соуза, 12. Андре Коррейя – 8. Эрик, 9. Жоау Матуш (к), 10. Бруну Коэлью, 11. Пани Варела, 2. Андре Коэлью, 3. Томаш Паку, 4. Афонсу Жезус, 5. Фабиу Сесилиу, 6. Зикки, 7. Лусио Роша, 13. Тиагу Бриту, 14. Кутши  

Бас бапкер – Жорже Браш

Қазақстан: 2. Игита (к), 1. Серіков – 5. Дәрібай, 10. Есенаманов, 12. Тұрсағұлов, 14. Дуглас, 3. Кнауб, 4. Төреғазин, 6. Абдуманапұлы, 7. Валиуллин, 9. Ақбалықов, 11. Оразов, 13. Рашит        

Бас бапкер – Кака (Бразилия)

Төрешілер: Лаутаро Ромеро (Аргентина), Роберто Лопес (Панама)

26 қыркүйек 2024 жыл. Әндіжан (Өзбекстан). «Әндіжен Әмбебап спорт кешені». 2 825 көрермен. 20:30. Әлем чемпионаты-2024. 1/8 финалы.