Португалия құрамасы Қазақстанның 1/8 финалдағы қарсыласы

22.09.2024 19:24
Португалия құрамасы Қазақстанның 1/8 финалдағы қарсыласы

Футзалдан Португалия құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің үшінші турында Марокко құрамасын 4:1 есебімен ұтты.


Марокко – Португалия – 1:4


Голдар: Эль-Месрар 34 – Эрик 2, Коэльо 19, 22, Зики Те 39


Осылайша Португалия Қазақстан құрамасының әлем чемпионатының 1/8 финалындағы қарсыласы атанды. Командалар 26 қыркүйекте Әндіжанда кездеседі. Бастапқы ысқырық жергілікті уақыт бойынша 20:00-де естіледі.