Дедезиньо - 2023/24 маусымының үздік ойыншысы.

26.07.2024 09:52
Дедезиньо - 2023/24 маусымының үздік ойыншысы.

Қазақстан футзал қауымдастығы өткен маусымның үздік ойыншылары мен мамандарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.

«Семей» футзал клубының 24 жастағы бразилиялық шабуылшысы Андерсон Патросиньо Алвес «Дедезиньо» маусымның үздік ойыншысы деп танылды. Осы маусымда Қазақстанға алғаш рет келіп, бірден ел чемпионы атанды. Қазақстан кубогының үздік бомбардирі және Қазақстан чемпионатының үшінші сұрмергені атанды. Өткен маусымда ол Қазақстан чемпионаты мен кубогында 50 кездесу өткізіп, 55 гол соққан. Сондай-ақ семейлік ойыншылар Ринат Төреғазин мен Кайо Торрес екінші және үшінші орындарды иеленді.

Бұған дейін Дінмұхамбет Сүлейменов пен Дуглас үш рет, ал Александр Бондарев, Какау және Шыңғыс Есенаманов екі мәрте үздік ойыншы деп танылған болатын. Рафаэль, Келсон, Жоан, Серік Жаманқұлов, Қайрат Иманалин, Дәурен Тұрсағұлов және Тиаго Кабеса бір-бірден.

Дауыс беру нәтижелері

 «Үздік ойыншы»

 

1.     Дедезиньо («Семей») – 16 балл;

2.     Ринат Төреғазин («Семей») – 9;

3.     Кайо Торрес («Семей») – 6;

4.     Шыңғыс Есенаманов («Семей») – 4;

5.     Азат Валиуллин («Аят») – 2;

6-9. Алиссон Невес («Қайрат») – 1;

6-9. Денер Родриго («Қайрат») – 1;

6-9. Қайрат Иманалин («Ақтөбе») – 1;

6-9. Кайо Руиз («Қайрат») – 1.