Аслан Галаев - 2023/24 маусымының үздік төрешісі.

22.07.2024 08:58
Аслан Галаев - 2023/24 маусымының үздік төрешісі.

Қазақстан футзал қауымдастығы өткен маусымның үздік ойыншылары мен мамандарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.

Маусымның үздік төрешісі болып қостанайлық 37 жастағы Аслан Галаев танылды. Ол халықаралық дәрежедегі төреші. 2012 жылдан бері Қазақстан чемпионатының матчтарына төрелік етіп келеді. Ол Чемпиондар лигасының матчтарында, әлем және Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде, сондай-ақ жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде жұмыс істеді. Ол алғаш рет үздік төреші атанды. Екінші орында ақтаулық Нұрлыбек Қалимағанбетов, үшінші орында рудныйлық Андрей Грищенко.

Бұған дейін Олжас Абраев пен Талғат Қосмұхамбетов бес мәрте үздік төреші болып танылған болатын. Алмас Аббасов – үш рет, ал Қайрат Нағышпаев, Андрей Борисов және Валерий Салимов бір реттен.

Дауыс беру нәтижелері

 «Үздік төреші»

 

1.     Аслан Галаев (Қостанай) – 16 баллов;

2.     Нұрлыбек Қалимағанбетов (Ақтау) – 6;

3.     Андрей Грищенко (Рудный) – 4;

4-5. Айдын Көбейкұлов (Тараз) – 3;

4-5. Азимджан Қошалиев (Тараз) – 3;

6-7. Лилия Хасанова (Алматы) – 2;

6-7. Максим Карюкин (Көкшетау) – 2;

8-11.                Александр Стрелков (Тараз) – 1;

8-11.                Аян Айтқазинов (Семей) – 1;

8-11.                Еркебұлан Жақсылыков (Ақтөбе) – 1;

8-11.                Ербол Жиембетов (Орал) – 1.