Ержан Кәрменов: «Ел чемпионы атанып, тарихты жаңарттық»

20.07.2024 13:20
Ержан Кәрменов: «Ел чемпионы атанып, тарихты жаңарттық»

Маусымның үздік жас ойыншысы Ержан Кәрменов өткен маусымды қорытдылады, үздік жас ойыншыларды атап өтті, және шет елде ойнау арманы туралы айтты.   

 

- Биылғы маусым сен үшін ерекше болды деп айтуға бола ма?

- Иә, әрине биылғы маусым мен үшін ерекше болды. Біз ел чемпионы атанып, тарихты жаңарттық. Және осы маусымда жеке жүлделерге қол жеткіздім Аллахтын қалауымен. Біріншіден жаттығудың арқасы деп ойлаймын. Біз маусым бойы тыңғылықты жаттығулар өткіздік. Және командаластардың бір-біріне сенімділігі деп ойлаймын.

 

- Команда басшылары, бас бапкерлер мен капитандар, Қазақстан футзал Қауысдастығының сауалнамасында сені үздік жас ойыншы деп таныды. Ал өзің қай жас ойыншыларды атап айтушы едің?

- Мені маусымның үздік жас ойыншысы ретінде таңдаған жандарға алғысымды айтқым келеді біріншіден. Осы маусымда жас ойыншылар саны өте коп болды. Сонын арасында Нұргелді Абдулла және Ерасыл Шарапиденов-ті атап өткім келеді.

 

- Маусымның үздітеріне кімдерді жатқыза аласың?

- «Семей» командасының барлық ойыншыларын атап өткім келеді. Өйткені осы маусымда олар өте жоғарғы ойын өрнегін көрсетті.

 

- Чемпионаттың ұйымдастыру жағынан не айталасың?

- Чемпионаттың ұйымдастыру жағы жылдан-жылға өсіп келеді. Осы жылы өте жоғарғы деңгейде өтті десемде болады. Келесі жылы оданда жоғарғы деңгейде өтеді деген сенімдемін.

 

- Егер шетел командыларынан шақыртулар болып жатса, қандай шешім қабылдайсын?

- Әрбір ойыншының арманы шет елде ойнау деп ойлаймын. Сондықтан егерде жақсы ұсыныс келіп жатса, әрине ондай мүмкіндікті қарастыруға дайынмын. 

 

- Чемпиондар лигасының жеребесі «Семей» мен «Қайратты» бір топқа жіберді. Жеребе туралы өз пікіріңді айтсаң?

- Біздің топқа өте мықты командалар түсті. Және осы турнирдың ең қиын тобы десемде болады. Бірақ біз ешкімнен қорықпаймыз. Біз тек жеңіске ойнаймыз. Және бізге қолдау көрсетуге келетін жанкуйерлерді қуантамыз деген ойдамын.