Құрметті жанкүйерлер, спортшылар, спорт шенеуніктері және Қазақстандағы футзалға құмар барша жандар!
Сіздерді Қазақстандағы футзалдың жағдайы туралы IRIS Sport жүргізген сауалнамаға қатысуға шақырамыз. Бұл сауалнама еліміздегі спортты дамыту мен танымал ету жолындағы маңызды элемент болып табылады.
2014 жылы негізі қаланған акционерлік қоғам Intelligent Research in Sponsoring GmbH (IRIS) маркетингтік зерттеулер, цифрлық және медиа-мониторинг, талдау, сондай-ақ спорттық бизнес секторындағы демеушілік көмекті бағалау саласындағы жетекші компаниялардың бірі ретінде өзін көрсетті. Біз спорт ұйымдарына, құқық иелеріне, лигаларға және демеушілерге олардың спорттық мүлкін талдауға және мақсатты аудиторияларымен және серіктестерімен қарым-қатынасты дамытуға, өзара іс-қимыл мен кірістерді арттыруға көмектесу үшін инновациялық, деректерге негізделген тәсілді қолданамыз.
Зерттеулердің табысты болуы үшін барлық сұрақтарға толық және шыншылдықпен жауап беру маңызды. Сауалнама сіздің 5-10 минут уақытыңызды алады. Барлық ақпарат толығымен анонимді болады және нәтижелерді бағалау үшін ғана пайдаланылады.
Сіздердің қатысқандарыңыз үшін алғыс ретінде Қазақстан футзал қауымдастығы атынан түрлі сыйлықтар табысталады. Басты жүлде – футзал ойыншылардың қолтаңбасы бар Қазақстан құрамасының жейдесі, сонымен қатар футзалдан Қазақстан чемпионатының ресми добы, Қазақстан құрамасының логотипі бейнеленген кепка және басқа да керек-жарақтар.
Сауалнамаға қатысқаныңыз үшін рахмет және ұтыс ойынына сәттілік тілейміз!