Алиссон Тайлан Сантос - 2023/24 маусымының үздік қорғаушысы.

07.07.2024 13:33
Алиссон Тайлан Сантос - 2023/24 маусымының үздік қорғаушысы.

Қазақстан футзал қауымдастығы өткен маусымның үздік ойыншылары мен мамандарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.

Маусымның үздік қорғаушысы болып «Атырау» футзал клубының 27 жастағы бразилиялық ойыншысы Алиссон Тайлан Сантос атанды. Алиссон Қазақстанға биылғы маусымда алғаш рет келіп, өз ойынымен сарапшылар мен жанкүйерлерге көзге түсті. Өткен маусымда ол Қазақстан чемпионаты мен кубогында 49 кездесу өткізіп, 24 гол соққан. Оның еншісінде 14 ұпай. Екінші орында семейлік капитаны Шыңғыс Есенаманов. Үздік үштікті «Аяттан» Леандерсон түйіндеді, бұл алдыңғы маусымдардың екі есе үздік қорғаушысы.

Бұған дейін Леандерсон екі рет, ал Жива, Шыңғыс Есенаманов пен Дінмұхамбет Сүлейменов бір рет үздік қорғаушы деп танылды.

Дауыс беру нәтижелері

 «Үздік қорғаушы»

 

1.     Алиссон Тайлан Сантос («Атырау») – 14 балл;

2.     Шынғыс Есенаманов («Семей») – 5;

3.     Леандерсон («Аят») – 4;

4-7.  Кайо Торрес («Семей») – 3;

4-7.  Жахангир Рашит («Қайрат») – 3;

4-7.  Қайрат Иманалин («Ақтөбе») – 3;

4-7.  Абдірасул Абдуманапұлы («Аят») – 3;

8.     Дуглас («Қайрат») – 2;

9-12.                Лукас Монтейро («Аят») – 1;

9-12.                Біржан Оразов («Қайрат») – 1;

9-12.                Ерсұлтан Сагындықов («Жетісу») – 1;

9-12.                Болат Сарбасов («Жетісу») – 1.