«Семей» - Қазақстан чемпионы
16.06.2024 19:15
Алматылық «Қайраттың» 20 жылдық гегемониясынан кейін «Семей» футзал клубы бразилиялық маман Дави Мендонсаның жетекшілігімен Қазақстан чемпионы атанды. Финалдық матчта тартысты тең есеп тіркеліп, пенальти сериясында алаң иелерінің жолы болды – 4:3.