ҚФҚ президенті Талғат Қосмұхамбетов ҚФФ Атқарушы комитетіне сайланды

05.06.2024 16:40
ҚФҚ президенті Талғат Қосмұхамбетов ҚФФ Атқарушы комитетіне сайланды

Астанада ҚФФ-ның кезектен тыс XXIV конференциясы өтті. ҚФФ президенті Адлет Барменқұлов жиналғандарды ҚФФ-ның Халықаралық футбол федерациясы – ФИФА құрамына кіруінің 30 жылдығымен құттықтады.

Отырыстың күн тәртібінде ҚФФ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ҚФФ кейбір мүшелерін оның Конференциясынан шығару және оның құрамына енгізу, ҚФФ Атқару комитетінің құрамына өзгертулер енгізу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ ҚФҚ президенті Т.А.Қосмұхамбетовті бос орынға қосымша сайлау туралы мәселе де дауысқа салынды және ағымдағы Атқару комитетінің қалған өкілеттік мерзіміне сайлансын.