ҚФҚ «Жетісу» футзал клубының дәрігерін марапаттады

27.04.2024 16:30
ҚФҚ «Жетісу» футзал клубының дәрігерін марапаттады

Қазақстанның футзал қауымдастығы «Жетісу» футзал клубының дәрігері Салауат Бұрхановқа жоғары кәсібилігі мен адал еңбегі үшін шынайы алғысын білдіреді. Сіздің еңбегіңіз – халыққа лайықты қызмет етудің үлгісі.

«Ақтөбе» - «Жетісу» матчындағы қиын сәтте ойыншы Лукас Мигельге алғашқы медициналық көмек көрсеттіңіз.

Сіздің адалдығыңызға, ерік-жігеріңізге, еңбекқорлығыңызға және адамгершілігіңізге көп рақмет. Сізге зор денсаулық, жақсылық, бақыт пен береке тілейміз.