«Атырау» - «Семей» матчтары кейінге шегерілді

16.04.2024 15:50
«Атырау» - «Семей» матчтары кейінге шегерілді

Су тасқыны мен төтенше жағдайға байланысты Атырауда Olimpbet-Қазақстан чемпионатының 41 және 42-турының «Атырау» - «Семей» матчтары өтпейді. ҚФҚ клубтармен бірлесе 2024 жылдың 22-23 сәуірінде Астана қаласында ойындарды ауыстыруға мәселесін пысықтауда. Ойындардың нақты орны мен басталу уақыты кейінірек хабарланады.