Күшіміз бірлікте

13.04.2024 00:15
Күшіміз бірлікте

Күшіміз бірлікте: ҚФФ, QFL, ҚФА және футболдан Ұлттық құрама ойыншылары су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті


Қазақстанның футбол ұйымдары мен Ұлттық құрама ойыншылары «Күшіміз бірлікте» республикалық акциясына қатысты.


Қазақстан футбол федерациясы, Qazaqstan Football League (QFL) және Қазақстан футзал ассоциациясының (АФК) ұжымы су тасқынынан зардап шеккен өңір тұрғындарына көмек ретінде бір күндік еңбекақыларын «Демеу Қазақстан қорына» аударды.


Ал Ұлттық құрама ойыншылары қаржылай көмектерін Атбасар ауданының тұрғындарына жіберді.


Футбол қауымдастығы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарымен бірге және жақын арада үйлеріне қайта оралуын тілейді.