«Тұлпар» үлкен футзалға қайта оралды
16.07.2024 10:00

Қазақстан Бірінші лигасының жеңімпазы, спорттық негізде жоғары дивизионға жолдама алған қарағандылық «Тұлпар» Премьер-лигаға қатысатынын растады.
«Тұлпар» – тарихы терең, даңқты дәстүрі бар клуб. 2001-2016 жылдар аралығында команда Қазақстан чемпионатының 13-іне қатысып, оның 10-ында Чемпионаттың жүлдегері атанды. Қазақстан Кубогының 3 дүркін жеңімпазы және Қазақстан Суперкубогының иегері. Команда екі рет Чемпиондар лигасының элиталық раундының қатысушысы болды. «Тұлпар» шәкірттері ұзақ жылдар бойы Қазақстан құрамасының тірегі болды.
«Тұлпар» алдағы уақытта да қазақстандық футзалдың дамуына өз үлесін қосады деп сенеміз. «Тұлпар» қайта қош келдіңіз!